Ақтөбеде жасөспірім өз анасын өлтіріп, әжесін пышақтағаны туралы қанды оқиға тіркелді, деп хабарлайды Alash.kz.
Жасөспірім өз кінәсін мойындады. Қазіргі таңда жараланған әйел ауруханада ем қабылдауда.
Ақтөбе облыстық балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Латып Әліби мәлімдегендей, оқушының жасы 16-да, толық отбасыдан, әлеуметтік жағдайы жақсы, оқу үлгерімі де қанағаттанарлық. Мінезі тұйық болған көрінеді.
«Қазіргі таңда тергеу амалдарының жүргізілуіне байланысты басқа ақпараттарды жариялай алмаймыз», – деп атап өтті Латып Әліби.
Құзырлы органдар оқиғаның толық мән-жайын анықтап, қажетті тергеу шараларын жүргізуде.