Алматы облысы Іле ауданының бұрынғы әкімі Бағдат Қарасаев қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланып, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін сот шешімімен айыпты деп танылды, деп хабарлайды Alash.kz.
Сот материалдарына сәйкес, Қарасаев әкім кезінде лауазымын пайдаланып, бір жауапкершілігі шектеулі серіктестікке жер телімін заңсыз рәсімдеген. Сондай-ақ, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының жұмысын ұйымдастыру кезінде кәсіпорынға қолайлы жағдай жасап, оның қызметіне тікелей араласқаны анықталған.
Қылмыстық кодекстің 361-бабының 3-бөлігі және 364-бабының 3-бөлігі бойынша айыпты деп танылған Қарасаевқа 3 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Сонымен қатар ол өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымды міндеттер атқару құқығынан айырылды.