Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Маңызды! “Енді дәрі жеткізуде үзіліс болмайды!” - Министр өзекті мәселе туралы тың мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

13:32, 03 желтоқсан 2025 92

Мәжіліс депутаттары Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға жыл басында орын алған  дәрі-дәрмек жеткізудегі үзілістерді қалай шешіп отырғанын сұрады, деп жазады Alash.kz. 
Депутат Асхат Рахымжанов бұл мәселенің өңірлерде өте өзекті екенін атап өтті.Министр жауап беріп, кейбір мәселелер биылдан бастап шешілгенін жеткізді. 

Біріншіден, төмендетілмейтін қор құрылды. Бұл шешім «СК «Фармация» ЖШС-ның 20,6 млрд теңге көлеміндегі міндетті төлемдерінен босатылуы арқылы мүмкін болды. Енді жыл басындағыдай жеткізілімдегі үзілістер болмайды.

Екіншіден, алғаш анықталған науқастарға дәрі-дәрмек жеткізу жоспары жаңартылды. Биыл тиісті әдістеме бекітіліп, сатып алу көлемі науқастар санына байланысты 10-12%-ға арттырылды. Бүгін барлық сатып алу рәсімдері жүргізіліп жатыр, деді министр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар