Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Анализден тыйым салған заттар анықталған» - Допинг дауы! Жәнібек Әлімханұлы ашық мәлімдеме жасады

10:18, 03 желтоқсан 2025 139

Әлемге аты әйгілі қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы допинг-тестке қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.kz.

WBO Жәнібек Әлімханұлының VADA тестінде тыйым салынған зат анықталғанын растап, жағдай бойынша ішкі тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Жәнібек Әлімханұлы бұл жағдайға қатысты әрдайым  таза спорттың жағында екенін айтып, екінші рет тест нәтижесінде шыққан жағдайға таңқалғанын жеткізді. Боксшы желідегі парақшасында былай деп жазды:

«Мен әрқашан таза спортты қолдаймын. Мұны жақсы білесіздер. Мен таза спортты насихаттап жүргенімді де білесіздер. Жаңалықты оқып, таң қалып отырмын. VADA бірінші рет анализ алып, бәрі таза деп еді. Мен витаминдеріме де, тамағыма да ешқандай өзгеріс енгізбедім. Екінші рет тестте неге мұндай болғанын түсінбей отырмын, біз қайта анализ тапсыруға өтініш айттық. Жауабын күтіп отырмыз».

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар