Әнші Тоқтар Серіков желідегі парақшасында әсерлі бейнежазба жариялап, елдің жүрегін елжіретті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Бейнежазбада өнер иесінің өз концертінде терең мағынаға толы өлең жолдарын оқып тұрғанын көруге болады.
«Сен менің білмедің қадірімді.
Мен саған таға алмаймын қазір мінді.
Егер де мен өмірден ғайып болсам
Қопарып іздеп жүрме қабірімді,
Сен менің білмейсің ғой қадірімді...», - дейді әнші.
Желі қолданушылары әншінің өнеріне тәнті болып, жылы тілектерін жаудырды.
«Бәрекелді», «Керемет! Мықты өлең», «Жүрекке жетті…», «Өнердегі орны бөлек алтын адам», «Нағыз сезімнің отын тұтататын өлең», «Сіздің қадіріңізді білмей жүрген қандай қыз, Құдай-ау», «Бала махаббатты жырға қосып тұрып, өмірінде алғаш рет ғашық болып тұрған баладай болды-ау Тоқтар ағам. Қалтасына қолын мың салып», - деп жазды желі қолданушылары.