Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайғылы хабар: Солтүстік Қазақстанда 19 жастағы жігіттің мәйіті табылды

11:56, 03 желтоқсан 2025 83

Солтүстік Қазақстан облысында 19 жастағы жас жігіт суицид жасаған. Оқиға Айыртау ауданына қарасты Саумалкөл ауылында тіркелді, деп хабарлайды Alash.kz.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, жас жігіттің денесі аулада (н/е бақшада) табылған. Мектепті аяқтағаннан кейін ол жұмыс істемеген және оқымаған. Саумалкөл ауылының тұрғындары отбасы жайлы «қарапайым жанұя» деп сипаттайды, ата-анасы жұмыс істейді. Жігіттің несие алғаны немесе көзге көрінерлік проблемалары болмаған.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл факті бойынша ҚК 105-бабы (өзіне қол жұмсау) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

 «Алдын ала ақпарат бойынша, ол суицид жасаған. Қылмыстық іс тіркелді. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр», – делінген СҚО ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар