Алматы еліндегі ауа ең қауіпті қалалардың қатарына кірді, деп хабарлайды Alash.kz.
2 желтоқсанға арналған IQAir дерегінше, Алматы еліндегі ең ластанған қалалар рейтингінде 13-ші орын алды. Ауаның сапа индексі (AQI) – 162. Бұл көрсеткіш денсаулыққа зиян саналады. Алматы рейтингте Үндістанның Мумбай, Ауғанстанның Кабул, Қытайдың Ухань қалаларынан жоғары тұр.
Almaty Air Initiative қорының менеджері Равкат Мухтаров Telegram-арнасында қаланың ауасы денсаулыққа зиян екенін атап өтті:
«Егер сіз тәуелсіз мониторинг жүйелерінің дерегіне сенсеңіз, кешеге шыққанда маска тағуды ұмытпаңыз. Бұл Алматының лас ауасынан келетін зиянды едәуір азайтады», – деді ол.
Ал MyCar жүйесінің дерегінше, қаланың барлық ауданы «қызыл» аймаққа кірген. Ауаның нашарлауына байланысты экологтар тұрғындарға көшеде маска тағуды ұсынады.