Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Диагнозы бар»: Қызылордада 65 жастағы қария бір апта бойы іздестіріліп жатыр

12:37, 04 қараша 2026

Қызылорда қаласында деменция дертiне шалдыққан 65 жастағы Ғани Көшербаев 29 қазан күнi тұрғылықты мекенжайынан белгiсiз бағытқа шығып кетеп, қайта оралмаған, деп хабарлайды Alash.kz.

Туыстары полицияға дабыл қаққан бойда Қызылорда облысы Полиция департаментiнiң жеке құрамы жедел-іздестiру жұмыстарына кiрiстi. Барлық қалалық және аудандық бөлімшелерге арнайы бағыт-бағдарлар жолданып, шаһардағы бейнебақылау камералары толық тексерiстен өткiзiлдi. Бейнежазбаларды сараптау нәтижесiнде хабар-ошарсыз кеткен қарияның Титов қыстағы аумағында кетiп бара жатқаны анықталды.

Қазiргi уақытта iздеу аумағы едәуiр кеңейтiлiп, операцияға Ұлттық ұлан әскери бөлiмiнiң сарбаздары, қызметтiк иттер мен арнайы техникалық құрылғылар тартылды. Сонымен бiрге жоғалған азаматтың фотосуретi барлық әлеуметтiк желiлерде және департаменттiң ресми парақшаларында жарияланды.

Аталған дерек Қызылорда облысы Полиция департаментi басшылығының жеке бақылауына алынған. Жоғалған азамат туралы қандай да бiр ақпарат бiлетiн тұрғындардан 8 (7242) 29-73-58, 25-76-84, 29-75-20 телефон нөмiрлерiне немесе «102» арнасына хабарласу сұралады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар