Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Үлкен жауапкершілік! Алдымызда ауқымды міндеттер тұр»: Әсел Жанасова жаңа қызметі туралы айтты

12:20, 04 қараша 2026

Әсел Жанасова ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Көлік министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Alash.kz.

Жаңа қызметке кіріскен Әсел Жанасова әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, алдағы жұмыс жоспары мен көлік-логистика саласын дамытуға қатысты басым бағыттарды атады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көлік-логистика саласы еліміздің стратегиялық басымдықтардың бірі ретінде айқындалғанын атап өтті. 

«Құрметті достар, әріптестер! Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Көлік министрі болып тағайындалдым. Бұл үлкен жауапкершілік әрі еліміздің дамуына үлес қосуға берілген зор мүмкіндік деп қабылдаймын.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көлік-логистика саласын еліміздің стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде айқындады. Президент еліміздің географиялық артықшылығын тиімді пайдаланып, Еуразиядағы жетекші логистикалық хабтың біріне айналу міндетін қойды.

Бұл бағытта халықаралық көлік дәліздерін дамыту, теміржол және көлік жолдары инфрақұрылымын жаңғырту, әуе тасымалының әлеуетін арттыру, шекаралық өткізу бекеттерінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету және көлік саласын толық цифрландыру айрықша маңызға ие. 

Сонымен қатар Премьер-Министр Олжас Абайұлы көлік инфрақұрылымын дамытуда, әсіресе автомобиль жолдарының сапасын арттыруда, құрылыс стандарттарын жетілдіруде және жобалардың уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуде нақты нәтижеге қол жеткізу қажеттігін атап өтті.

Алдымызда ауқымды әрі жауапты міндеттер тұр. Сіздермен ашық байланыста болып, алдағы уақытта ақпаратпен бөлісіп отырамын»,– деп жазды Әсел Жанасова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар