Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаралы хабар: Астанада міндетін атқару барысында 35 жастағы полиция қаза тапты

14:22, 04 қараша 2026

Астана – Петропавловск тасжолында орын алған жол-көлік оқиғасынан ауыр жарақат алған 35 жастағы полиция қызметкері Астанадағы № 2 ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Alash.kz.

Қайғылы жағдай жол жұмысшыларын жұмысшыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында орын алған. Тәртіп сақшыларының патрульдік көлігіне JAC T9 маркалы пикап келіп соғылып, салдарынан ауыр жарақат алған полицей шұғыл түрде Шортанды аудандық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оған төбе-шақша аймағының бас сүйегінің негізіне өткен сынуы, мидың ісінуі, өткір субдуральды гематома және пневмоторакс диагноздарын қойған болатын.

Ауыр халде жатқан зардап шегушіні тасымалдау үшін 3 қараша кешкісін санитарлық авиация бригадасы жетті. Дәрігерлердің арнайы консилиумынан кейін оны елордадағы № 2 ауруханаға ауыстыру туралы шешім қабылданып, онда полицейге жедел ота жасалды. Алайда көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, ол 4 қараша күні таңғы сағат 09:00 шамасында алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Қазіргі уақытта аталған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша ресми түрде қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері қайғылы апаттың барлық мән-жайын толық анықтау бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар