Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Құдай сақтасын»: Айдана Меденова күйеуімен ажырасып кетті ме? – Әншінің өзі жауап берді

10:22, 04 қараша 2026

Әнші Айдана Меденова «Мамский әңгіме» подкастына берген сұхбатында жеке өмірі туралы айтты, деп хабарлайды Alash.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желіде күйеуімен ажырасқаны туралы тараған қауесетті жоққа шығарды. Әншінің сөзінше, жұбайы әрдайым жанынан табылып, қолдау көрсетіп келеді.

Айдана Меденова әлеуметтік желіде жарияланатын ақпараттың барлығына бірдей сене беруге болмайтынын атап өтті. Әнші өзіне қатысты жаңалықтарды ресми түрде жеке парақшасында жариялайтынын жеткізді.

"Адамдар айта береді. Ең бастысы үйдегі атмосфера. Ондай нәрсе болған емес, болмайды деп үміттенемін. Айналамызда түрлі жағдай болады. Кейбір адамдармен мүлде араласпаймыз қазір. Менің жанымда үнемі болған тек күйеуім. Біз қайда барсақ та, біргеміз. Құдай сақтасын ажырасудан. Қазір әлеуметтік желіде ақпарат тарата салу оңай. Бірақ ол ақпараттың рас-өтірігін тексеріп жатқан ешкім жоқ. Расталған ақпаратқа сену керек деп ойлаймын. Өзім туралы жаңалықтарды ресми түрде парақшамда жариялаймын. Бірақ қазір әлеуметтік желіде белсенді емеспін", - деді әнші. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар