Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қатаң тыйым! “Ниқаб және соған ұқсас жабындар үшін айыппұл салынады” - Мәжіліс жаңа заң енгізді

20:16, 03 желтоқсан 2025

Мәжіліс Қазақстанда бетті толық жауып, тұлғаны тануға кедергі келтіретін киім (ниқаб және соған ұқсас жабындар) кигені үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.

Мәліметке сәйкес, алғаш рет анықталған құқық бұзушылық үшін азаматқа ескерту жасалады. Қайталанған жағдайда 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. 2025 жылы бұл сома -  3 932 теңге.

Сонымен қатар, Мәжіліс екінші оқылымда қабылдаған «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заң жобасында бірнеше жаңа нормалар көзделген. Олардың ішінде:

  • заңға қайшы контентті жариялау және тарату,
  • құқық бұзушылық себептерін жою туралы мемлекеттік органдардың нұсқауларын қасақана орындамау секілді әрекеттер үшін жауапкершілікті күшейту бар.

Парламенттің хабарлауынша, алдын алу субъектілерінің тізімі екі есеге кеңейтілді. Бұрын 13 субъект болса, енді олардың саны 26-ға жетті.

Жаңа тізімге отбасын қолдау орталықтары, мобильді топтар, қамқоршылық агенттіктері, бұқаралық ақпарат құралдары, жастар істері жөніндегі құрылымдар, уәкілетті органдар және кәсіпкерлер қосылды.

Заң жобасында сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша азаматтық қорғаныс талаптарын орындамағаны үшін мемлекеттік лауазымды тұлғалар мен жергілікті атқарушы орган өкілдерінің жауапкершілігін күшейтетін түзетулер бар.

Осы өзгерістерге сәйкес, енді Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлеріне тәртіп бұзушыларды ұстау құқығы беріледі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар