Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Небәрі 23 жаста еді…”: Министр Алматыда жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан фельдшердің жақындарына көңіл айтты

10:45, 04 желтоқсан 2025

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова желідегі парақшасында Алматыда жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан фельдшердің жақындарына көңіл айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

"Жедел медициналық жәрдем фельдшері Насиба Мұхтарқызы Жаңабаеваның қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқаны туралы қаралы хабарды терең күйзеліспен қабылдадым.

Насиба небәрі 23 жаста еді, төрт ай бұрын ғана Алматы қаласының Жедел жәрдем қызметіне жұмысқа тұрған болатын. Осы қысқа уақыт ішінде ол өз міндетіне жауапты, адал, жанашыр, әрқашан көмек көрсетуге дайын медицина қызметкері ретінде танылды.

Насиба Мұхтарқызының туған-туыстарына, жақындарына, әріптестеріне және Алматының бүкіл медициналық қауымдастығына қайғырып көңіл айтамын", - деп жазды министр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар