Газа секторында қаза тапқан жандардың саны 38 мыңнан асты,деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
«Израиль агрессиясынан қаза тапқандар саны 38 011 адамға жетті», - делінген Газа секторы Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінде.
Жарақат алғандардың саны 87 445 адамға жеткен.
«Соңғы 24 сағатта барлығы 58 адам қаза тапты, тағы 179 адам жарақат алды», - деп хабарлады ведомство.