Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта сыбайлас жемқорлық ісі бойынша сотталып жатқан Астананың мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұловқа тек прокурор тарапынан ғана емес, жақын туыстарынан да айып тағылды. Мажағұловтың туысы Ұлпан Бегәлина экс-шенеунікке қатысты былықтың бетін ашты, деп хабарлайды Alash.KZ Ulysmedia.kz сайтына сілтеп.
Ұлпан Бегәлина әлеуметтік желілерде жазба жариялап, Мажағұловтың командасы оны әлеуметтік желіде “парасатты” адам ретінде көрсетуге тырысып жатқанын және оның өткен өміріне қатысты жаман пікірлерді өшіріп тастап жатқанын айтты.
Бегәлинаның сөзінше, миллиард теңге жымқырды деп айыпталып отырған бұрынғы мәдениет басқармасының басшысы 10 жыл бойы отбасынан некесіз туған балаларын және көңілдесін жасырған. Болжам бойынша, ол Астананың дәл ортасында сол әйелге сұлулық салонын ашып берген.
– Жазбаларыңызда сіз, Болат Бауыржанұлы, конституциялық құқықтарыңызды сақтау туралы айтасыз. Әділдік үшін, онда өзіңіздің заңды балаларыңыздан әкесі мен толық отбасында өмір сүру құқығын қалай айырғаныңызды айтып беріңіз. Егер сіз осы құқықтан айырып, оларға моральдық және жан жарасын салсаңыз, ер азамат ретінде жауапкершілік арқалаңыз. Қазір Болат Бауыржанұлы өзін қоғам алдында адал, парасатты адам ретінде көрсеткісі келеді. Бірақ оның заңды отбасына қатысты әрекеттері мүлде басқа нәрсені аңғартады, дейді Бегалина.