Мемлекет басшысы Қызыл алаңдағы парадқа қатысқан Қазақстан Қарулы Күштерінің сарбаздарына құрмет көрсетті, деп жазады Alash.KZ.
Әскери шеруге Қазақстан Республикасынан Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Иван Панфилов атындағы Десанттық-шабуылдау әскері 37-ші бригадасының жауынгерлері қатысты.
"Құрамында 80 әскери қызметкер бар парадтық бөлімді полковник Алмас Төлегенов басқарды", – делінген Ақорданың ресми хабарламасында.
Тоқаев еліміздің сарбаздары шыққан кезде орнынан тұрып, сәлемдесті.