Бүгін елімізде өрісті де өнегелі мереке – 1 қыркүйек Білім күні атап өтілудe. Oсы орайда оқушыларға, студенттерге, ұстаздар мен ата-аналарға арналған 20 үздік тілекті ұсынамыз, деп хабарлайды Alash.kz.
Оқушыларға арналған тілектер:
1. Жаңа оқу жылы тек жарқын сәттерге, жаңа асулар мен үздік бағаларға толы болсын!
2. Білімге деген құштарлығың ешқашан сөнбей, әр сабақ сен үшін қызықты ашылуға айналсын.
3. Мектеп өміріндегі әрбір күн саған қуаныш, сенімді достар мен үлкен жетістіктер сыйласын!
4. Армандарың асқақ, білім шыңына бастар жолың ашық болсын!
5. 1 қыркүйек — білім мен мүмкіндіктердің басы. Тек алға ұмтылып, ата-анаңның мақтанышы бол!
1-сынып бүлдіршіндеріне арналған тілектер:
1. Алғашқы мектеп қоңырауы құтты болсын! Білім әлеміне басқан бұл алғашқы қадамың сәттілікке ұлассан.
2. Ақ парта мен алғашқы әліппең саған толағай табыстар мен қызықты сәттер алып келсін!
3. Алғашқы ұстазыңның әр сөзі саған бағыт-бағдар болып, мектептегі күндерің мейірімге толсын.
Студенттерге арналған тілектер:
1. Студенттік алтын шағыңыз сәттілік пен ізденіске толы болсын!
2. Түскен оқуыңыз бен таңдаған мамандығыңыз болашақ зор жетістіктеріңіздің негізіне айналсын.
3. Сессияларыңыз жеңіл тапсырылып, дәрістеріңіз қызықты да пайдалы өтуін тілейміз.
4. Ғылым мен білім жолындағы талпыныстарыңыз жана берсін!
Мұғалімдер мен ұстаздарға арналған тілектер:
1. Құрметті ұстаздар, Білім күні құтты болсын! Төзімдеріңіз бен қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс білдіреміз.
2. Шәкірт тәрбиелеудегі сарқылмас қайрат-жігерлеріңіз мен мейірімдеріңіз таусылмасын.
3. Әрбір шәкіртіңіз биіктерден көрініп, еткен еңбектеріңіздің оң жемісін көре беріңіздер!
4. Жаңа оқу жылы сіздерге шығармашылық табыс, мықты денсаулық пен сарқылмас шыдамдылық әкелсін!
Ата-аналарға арналған тілектер:
1. Балаларыңыздың жаңа оқу жылы құтты болсын! Сіздерге сарқылмас сабыр мен саулық тілейміз.
2. Перзенттеріңіз тек үздік бағаларымен, биік жетістіктерімен сүйсіндіріп, мақтаныштарыңызға айнала берсін!
3. Мектеп қабырғасындағы оқу жылы отбасыларыңызға тек куаныш пен тыныштық сыйласын.
4. Балаларыңыздың білім шыңын бағындыруына қосар үлестеріңіз әрдайым бағалансын!