Ресей президенті Владимир Путин Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонға хабарласып, қылмыстың толық тергелетінін және кінәлілер толық көлемде жазаланатынын уәде етті, деп хабарлайды Alash.kz.
Путин қайтыс болған оқушының отбасы мен Тәжікстан халқына көңіл айтып,
«Балаларға бағытталған террорлық әрекеттер - ерекше қатыгездік, мұндай қылмыстар түсінуге қиын. Тергеу толық жүргізіліп, кінәлілер толық жазаланатын болады », - деді.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон оқиғаның күтпеген жерден болғанын атап өтіп,
«Бүгінгі таңда әлемде мұндай қылмыскерлер жеткілікті, біз өте күрделі әлемде өмір сүріп отырмыз», - деді.
Рахмон сонымен қатар Путинге істі жеке бақылауға алғаны үшін алғысын білдірді.
Оқиға 16 желтоқсанда орын алған. 9-сынып оқушысы пышақ пен газ баллоншасымен мектепке кіріп, математика пәні мұғалімін іздеп, оған шабуыл жасауға әрекет жасаған. Күзетші оны тоқтатпақ болғанда жасөспірім оған газ шашып, пышақпен жарақат салған. Кейін оқушы бір басқа оқушыны жарақаттап, төртінші сынып оқушысына шабуыл жасаған. Сол оқушы алған жарақаттан қаза тапқан.

Құзырлы органдар РФ қылмыстық кодексінің 105-бабы (кісі өлтіру), 30-бөлігінің 3-тармағы және 105-баптың 2-бөлігі бойынша іс қозғады. Шабуыл жасаған жасөспірім өз кінәсін мойындап, қылмысты қалай жоспарлағанын толық айтып берген.
Қаза болған бала Тәжікстанға жеткізіліп, әкесінің қасына жерленген болатын.