Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тимур Құлыбаев бокс федерациясындағы қызметінен кетті

05:30, 14 ақпан 2024 275
Кәсіпкер Тимур Құлыбаев бокс федерациясындағы қызметінен кетті.

Ол бұрын Қазақстан бокс федерациясының құрметті президенті болды. Алайда федерация сайтындағы жаңарған деректер Қазақстан бокс федерациясының құрметті президенті лауазымында тек Кеңес Рақышев қалғанын көрсетеді.

Еске салсақ, бұған дейін Кеңес Рақышев Қазақстан бокс федерациясының президенті қызметінен кетті.
«Федерацияның жаңа президенті болып Шахмұрат Мүтәліп сайланды. Ол бұл қызметте Кеңес Рақышевті алмастырды», – деп жазылған еді ҚБФ хабарламасында.

Фото: olympic.kz

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар