Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Тексермей үйге қайтара берген» - Жансақтау бөліміндегі 2 жасар қыздың жағдайы туралы тың ақпарат шықты (ВИДЕО)

16:32, 15 желтоқсан 2025

Жезқазған қаласында екі жасар Алиса ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жеткізілді. Баланың анасы дәрігерлердің дер кезінде диагноз қоймағанын айтып, медициналық көмектің сапасына шағымданды, деп хабарлайды Alash.kz.

Анасының айтуынша, ол қызын бірнеше рет ішінің қатты ауыруына байланысты ауруханаға апарып, толық тексеру мен УДЗ жасауды талап еткен. Алайда дәрігерлер баланы тексерусіз үйіне қайтара берген. Кейін қыздың жағдайы күрт нашарлап, оған перитонитпен асқынған жедел аппендицит диагнозы қойылды. Бала шұғыл түрде отаға алынып, бірнеше тәулік бойы жансақтау бөлімінде ауыр хәлде жатты. Осы уақыт ішінде оған қан құю жүргізілген.

Оқиға әлеуметтік желіде кеңінен талқыланғаннан кейін, жағдайға Денсаулық сақтау министрлігі мен бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева араласты. Мәселе бақылауға алынып, ананың өтініші бойынша Алиса санитарлық авиация арқылы Астана қаласына жеткізілді.

Кейін баланың анасы хирургтың УДЗ тексеруін ертерек жасауға болатынын және сол арқылы перитонитті дер кезінде анықтауға мүмкіндік болғанын мойындағанын хабарлады. Аталған жайтқа байланысты дәрігерге қатаң сөгіс жарияланған.

Қазіргі таңда баланың жағдайы дәрігерлердің бақылауында. Оқиғаның мән-жайы бойынша тиісті тексеру жүргізіліп жатыр.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар