Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Тарихта алғаш рет Африка құрлығында өтіп жатыр»: Сенегалда жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанаты өтті

15:56, 01 қараша 2026

Сенегалда IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанаты өтті. Дүбірлі дода тарихта алғаш рет Африка құрлығында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Alash.kz.

ҰОҚ мәліметінше, ашылу салтанатында Қазақстанның көк туын дзюдошы Фатима Сұпығалиева мен волейболшы Әлихан Ағабек алып шықты. Екеуі де 2025 жылы Бахрейнде өткен жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының жеңімпаздары. Сонымен қатар Фатима Сұпығалиева 2026 жылы кадеттер арасында дзюдодан әлем чемпионы атанған еді.

IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасына 2000-нан астам спортшы қатысады. Дүбірлі додада 18 қазақстандық 11 спорт түрінен жүлде үшін бақ сынайды.

Айта кетейік, Дакар-2026 жасөспірімдер Олимпиадасына қатысушыларды анықтау тәртібі өзгерді. Бұл жолы бұрынғыдай арнайы іріктеу жарыстары өткізілген жоқ. Олимпиада жолдамаларын Халықаралық Олимпиадалық комитеті халықаралық спорт федерацияларымен бірлесіп, белгіленген талаптарға сәйкес үлестірді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар