Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тарихшы Нұр-Сұлтанның тарихи атауын қайтаруды ұсынды

03:58, 15 ақпан 2022
Тарихшы Жамбыл Артықбаев Қазақстан астанасының тарихи атауын қайтаруды ұсынды. Тарихи құжаттар негізінде қазақ елордасының атауы Қараөткел болуы керек деп есептейді тарихшы. Бұл туралы Alash.kz сайты жазды.

"Алаштың ортасы-Қараөткел ! (Ә.Бөкейханов)

Орыстың алғашқы құжаттары, Ақмола дуанының орталығы Қараөткел ! Кемі мың жыл тарихы бар қала ! Өз атауын бұл қала ертелі-кеш қайтармай қоймайды. Қымбатты астаналық достар өздеріңе көшіріп алып, қабырғаға іліп қойсаң да болар еді.

Жалпы біз адам атын, баяғыда сондай этнос болды екен этнос атын елді-мекенге қойғаннан тиылуымыз керек. Қазақ жерінің әр шаршы см өз атауы бар. Паволодар - Кереку (кереку жар/ кереге жар), Петропавл -Қызылжар, Орал -Теке, Өскемен -Дом қала, Қызылорда-Ақмешіт т.б. Қазір билігі жүріп тұрғанымен адам бұл өмірге қонақ, артында- жақсы-жаманын халық өзі айырады, ертелі кеш! Ал тарихи этнос атауларын шынайы қалпына келтіру ол да қиын, қимақ па, кемек пе, көмек пе ? Тіпті кемек болған күннің өзінде де,ол қандай мағына береді ? Мен кем - өзен деймін, біреу басқа дейді ! Әр жердің өз тарихи атауын сақтауға күш салайық!" деп жазды Тарихшы Жамбыл Артықбаев.

Alash.kz
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар