Дзюдодан Қазақстанның тұңғыш Олимпиада чемпионы Елдос Сметов қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.
Дзюдошы Жапонияда өтетін ХХ Жазғы Азия ойындарының ашылу салтанатында Қазақстанның көк туын ұстап шығу құрметіне ие болғанын жеткізді.
Елдос Сметов мұндай мәртебеге алғаш рет ие болғанын атап өтті. Оның айтуынша, халықаралық додада еліміздің көк туын ұстап шығу – өзі үшін үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік.
«Бүгін мен үшін тарихи күн. ХХ Жазғы Азиа ойындарында көк туды ұстап шығу мәртебесі маған бұйырып тұр. Мұндай сәт менде бірінші рет. Бұл шешімді қабылдау оңайға соққан жоқ. Себебі мұның артында қаншама жауапкершілік, елдің, мемлекеттің сенімі бар. Осы ойында бар күшімді салуға уәде беремін», - деді Елдос Сметов.