Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жүрегіне пышақ сұғып алған»: Оқушыны аяусыз өлтірген студент туралы жаға ұстатарлық дерек шықты (ВИДЕО)

12:49, 11 қыркүйек 2026

Ақтөбеде 17 жастағы мектеп оқушысын пышақтап өлтірді деп айыпталған студентке қатысты сот процесі басталды. Сот залында сотталушы марқұмның ата-анасынан кешірім сұрап, бұл қылмысқа өзін қорғау үшін барғанын айтып ақталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Алайда орны толмас қайғыдан қан жылаған отбасы бұған келіспейді. Жәбірленуші тарап кешірім бермейтінін кесіп айтып, айыпталушыға ең қатаң жаза қолдануды талап етті. Марқұмның туыстары студенттің бұл әрекетке өшпенділікпен және арнайы тәжірибемен барғанына сенімді.

«Дәлме-дәл, бір-ақ жарақат салып өлтіріп тұр ғой. Қандай шеберлікпен, не істеуі мүмкін адам! Ол ойламаған жерден ұрған адам, білмеймін, жүрегіне дәл қадап, бір ұрып өлтірді. Ондайға міндетті түрде тәжірибесі болу керек. Тәжірибесіз адам не істей алмайды?! Біздің баламыз қыршыннан қиылып отыр. Көретін қызығының бәрін...», — деді марқұмның туысы Ағила Алиманова.

Адам шошырлық қанды оқиға осыдан жарты жыл бұрын, наурыз айының ортасында Шалқар қаласында болған. Онда бозбалалар екі топқа бөлініп, жаппай төбелескен. Мұны Оралда оқып жүрген жерінен естіген сотталушы Шалқарға арнайы келеді. Ол қалтасына аңшы пышағын салып, қасына досын ертіп, анасының көлігімен шыққан.

Жолда кездескен екі оқушыны ұстап алып, ұрып-соғып, оны видеоға түсірген. Ал сол арада араша түсуге келген 11-сынып оқушысы Әлихан Жәнібектің жүрек тұсына пышақ сұғып, оқиға орнынан қашып кеткен. Ауыр жарақат алған мектеп оқушысы сол жерде көз жұмды.

Сотта белгілі болғандай, қылмыс жасаған студент бұрын да істі болған. Ол соңғы оқиғадан бір жыл бұрын тағы бір адамды соққыға жыққаны үшін жауапқа тартылған. Қазіргі уақытта сот тергеуі жалғасып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар