Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жүрегімнің тыныштығы… Маған берілген үлкен сый»: Айгүл Иманбаева қуанышты жаңалығын бөлісті

17:16, 11 қыркүйек 2026

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі жеке парақшасында отбасылық қуанышын бөлісіп, оқырмандарын сүйсіндірді, деп хабарлайды Alash.kz.

Өнер иесі жолдасына деген шексіз махаббатын білдіріп, жүрекжарды тілегін арнады. Әнші өз сөзінде жарының өміріндегі орны бөлек екенін, оның қасында өз өзін қауіпсіз әрі бақытты сезінетінін жеткізді. 

«Жаным, туған күніңмен! Сенің өмірімде барың маған берілген ең үлкен сый, жүрегімнің тыныштығы мен тірегім. Отбасымыздың берекесі мен асқар таудай тірегі болып, әрқашан аман жүрші. Армандарың мен мақсаттарың биіктеп, әрбір басқан қадамың сәттілікке толсын. Әрқашан күліп, жарқырап жүре бер, мен сені әрқашан шексіз сүйемін және барлық бастамаңа тірекпін», – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптының суреттеріне жылы лебіздерін қалдырып, оларға баянды бақыт, отбасылық береке мен ұзақ ғұмыр тілеуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар