Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Қазақстан Республикасының Малайзия мен Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшілері лауазымдарында кадрлық ауыс-түйістер болды, деп хабарлайды Alash.kz.
Президент Жарлығына сәйкес, Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Ол бұған дейін атқарған Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының шешімімен Талғат Мұбарақұлы Адуов Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.
Өз кезегінде Мемлекет басшысының Жарлығымен Болат Болатұлы Сүгірбаев Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бруней-Даруссаламдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.