Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жаңа өмір бастағаныма небәрі бір жыл болыпты" - Мөлдір Мұқанова өміріндегі өзгерісті айтып, сүйінші сұрады

21:50, 10 қыркүйек 2026

Продюсер әрі блогер Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желідегі оқырмандарына қуанышты жаңалығын бөлісті. Өнер иесі Астанадан жаңа пәтер сатып алғанын айтып, сүйінші сұрады, деп жазады Alash.KZ.

Блогер соңғы бір жылда өмірінде елеулі өзгерістер болғанын айтып, өткен кезеңіне көз жүгіртті. Оның сөзінше, жаңа өмір басталғанына бір жылдай уақыт өткен. Осы аралықта оның өмірінде үлкен бетбұрыс болып, енді жаңа баспаналы болғанын қуанышпен атап өтті.

"Білесіздер, жаңа өмір бастағаныма небәрі бір жыл болыпты. Осы уақыт ішінде өмірім 360 градусқа өзгерді. Әйел адамға бәрібір қорғаныш, мотивация, сенім беретін керек екен ғой, қыздар. Сол қорғаныш пен мотивацияны, сенімді Астана қаласының қақ ортасынан жаңа пәтер сатып алып, сезініп жатырмын", – деп ағынан жарылды продюсер.

Мөлдір Мұқанова қуанышын Instagram парақшасында жариялаған видеосы арқылы да көрсетті. Жазбасында жаңа пәтерді алу процесі шамамен тоғыз ай бұрын басталғанын атап өткен.

Өнер иесі баспананы таңдауға оның сатып алу шарттары да әсер еткенін жеткізді.

"Достар, сүйінші! Астана төрінен жаңа пәтер алдым! Бәрін сәтімен болғызған Аллаға шүкір! Мұндай жаңалықты бөліспей отыра алмадым. Бұл үйді алудың шарттары ұнады", – деп жазды ол.

Мөлдір Мұқанованың қуанышты жаңалығына әлеуметтік желідегі оқырмандары мен өнердегі әріптестері де қолдау білдірді. Жазбаға пікір қалдырып, жаңа баспанасының құтты болуын тілегендер көп.

Сондай-ақ әнші Мәдина Сәдуақасова да жарияланымға лайк басқан. Желі қолданушылары продюсерге жаңа үйінде бақытты ғұмыр кешіп, шаңырағында береке болуын тілеп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар