Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Түрмеде дүниеге келдім. Анам босану үстінде қайтыс болды»: Алматылық келіншек көмек сұрады (ФОТО)

12:15, 11 қыркүйек 2026

Алматылық Людмила Огнева үш баласымен «Мейірім Мекені» дағдарыс орталығын паналап отыр. Қиын өмірлік жағдайға тап болған ол анасы мен әкесінің жағынан туыстарын табу үмітімен заңгерлердің көмегіне жүгінді, деп хабарлайды Alash.kz.

Ауыр тағдыр иесіне «Human Rights Lawyers» қоғамдық қоры мен оның президенті, заңгер Ләззат Рақышева заңгерлік және консультациялық көмек көрсетуде. Орталықты меценат қолдап отыр, қазір мұнда баспанасыз қалған 97 әйел мен бала бар.

«Менің есімім — Людмила. Мен Алматыдағы Жауғашты түрмесінде дүниеге келдім, анам босану кезінде қайтыс болды», — деп жазды бойжеткен қордың Threads-тегі парақшасында.

1991 жылдың күзінде №10 әйелдер колониясында туған қызды ешкім асырап алмаған. Әкесі де, басқа жақындары да табылмаған соң, ол Алматыдағы сәбилер үйіне, 5 жасынан бастап Жаркенттегі балалар үйіне жіберілген. Ата-анасынан тек куәліктегі Огнева Светлана және Огнев Александр деген сөздер ғана қалды.

16 жасынан бастап еңбекке араласқан Людмила 9-сыныптық білімімен Алматыда әже қараушы болып, кейін кондитерлік фабрикада 25 жасқа дейін жұмыс істеген. Сол жерде жүргізуші болып істеген бұрынғы күйеуімен танысып, 10 жылдай бірге тұрған. Алайда күйеуі жиі көзге шөп салып, оған зомбылық көрсеткен.

«Ешқандай жақыным болмағандықтан, балалармен үйден қуып жібермесінші деп жақсы әйел болуға тырыстым. Ол мұны пайдаланды. Бұрын басымнан ауыр жарақат алғанымды білсе де, бірде басымнан еденге ұрды. Содан көзім мен мұрнымның арасындағы сүйек шытынап кетті», — деді Людмила.

Шыдамы таусылған ол екі баласымен және ішіндегі үшіншісімен үйден кетіп қалған. Қазір үлкен ұлы 9 жасар Ермакқа жеңіл дәрежедегі аутизм диагнозы қойылған, ол үйде оқиды. 6 жасар Полина мектепке барса, 4 жасар Викторияны балабақшаға орналастыру мәселесі шешілуде. Анасы балаларына ет апару және отбасын бағу үшін базарда ет шабушы болып жұмысқа тұрған.

«Маған тым болмаса бір бауырды, туған адамды табу керек. Бұл әлемде жалғыз болу ауыр, тым болмаса жалғыз емес екенімді, туыстарымның бар екенін біліп жүрер едім», — дейді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар