Әлеуметтік желіде танымал асаба Төлеген Никулинді қаралап, оның «адамдарды алдап жүргені» жайлы ақпарат тараған еді. Алайда асабаның өзі бұл жағдайға қатысты шындықтың бетін ашып, Ерболат Аралбаев есімді азаматтың үйіндегі жөндеу жұмыстарын бүлдіріп, тастап кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.
Асабаның айтуынша, ол пәтерін жөндеуге тапсырыс бергенімен, нәтижесінде үлкен шығынға батқан.
«Көптен күткен сот үкімі шықты. Осы Ерболат Аралбаев менің төрт бөлмелі пәтерімді жөндеп беремін деп, құрылыс материалдарын бүлдіріп, мені лақтырып кеткен еді. Талай кездесулерге шақырдым. Шариғат бойынша шешейін дедім, көнбеді. Ақыры соңында мені өтірікші қылып, істеген ісін мойындамады. Мен оны сотқа бердім. Сотта жеңіп шықтым», — деді Никулин.
Бұған дейін Аралбаев Ерболат әлеуметтік желіде керісінше асабаның өзіне алданып қалғанын жазып, жазба жариялаған болатын. Алайда желі қолданушылары бұл айыптауларға сенім білдірмеген. Қазiргi уақытта заңды түрде соңғы нүктені сот қойды.