Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

АҚШ пен Иран қақтығысы: Трамп соғыстың қашан аяқталатыны туралы күтпеген мәлімдеме жасады

16:40, 11 қыркүйек 2026

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен арадағы әскери қақтығыс қараша айында өтетін Конгресс сайлауынан кейін аяқталатынын мәлімдеді. Сонымен қатар америкалық көшбасшы жағдайдың бұдан да ертерек реттелуі мүмкін екенін жоққа шығармайды, деп хабарлайды Alash.kz.

Трамп Иранға жасалып жатқан халықаралық әрі экономикалық қысымның нәтиже беретініне сенімді.

«Олардың шыдай алатынын білмеймін. Алайда жағдай сайлаудан кейін шешіледі. Немесе одан да ертерек болуы мүмкін. Қалай болғанда да, сайлаудан кейін бірден шешіледі», — деді АҚШ президенті Дональд Трамп.

АҚШ пен Иран арасындағы әскери қақтығыс 2026 жылдың ақпан айының соңында АҚШ пен Израиль күштерінің соққыларынан кейін басталған еді. Қазіргі таңда тараптар Таяу Шығыста бір-біріне соққы беріп, қатаң экономикалық текетірес жүргізіп келеді. Сондай-ақ қос тарап қақтығыстың созылуына бір-бірін айыптап отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар