Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Барлығынан өткенмін... Маған опасыздық жасаса...»: Қайрат Нұртастың жұбайы жан сырын ақтарды

15:28, 11 қыркүйек 2026

Белгілі эстрада жұлдызы, әнші Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде оқырмандарымен сыр бөлісіп, өмірінде орын алған күтпеген жайтты баяндады, деп хабарлайды Alash.kz.

Актриса өзіне жасалған қиянаттарды тағдырдың сынағы мен өсуге берілген мүмкіндік ретінде қабылдайтынын жеткізді. Оның сөзінше, кез келген реніш пен сатқындық адамды шыңдап, айналасындағы шынайы жандарды тануға жол ашады.

«Қайырымсыз деген дүниелердің барлығынан өткенмін. Маған опасыздық жасаса, қайырлысы деймін. Кез келген дүниенің өз уақыты бар. Демек ол сенің адамың емес. Өмірімде үлкен бір мәселе болды. Күткен адамдарымнан көрген жоқпын. Күтпеген адамдарым жасады. Керісінше менің кеңістігім кеңейді. Араласатын ортам көбейді», — деді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Актриса бұл сынақтардың өзіне керісінше оң әсер еткенін, бұл жағдайдан соң өмірлік көзқарасы өзгеріп, ортасы жаңарғанын жеткізді.

 

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар