Әнші әрі тележүргізуші Аша Матай Құрылтай депутаттығына үміткер ретінде ұсынылғаннан кейін басынан өткен қиын жағдайды есіне алды, деп хабарлайды Alash.kz.
Өнер иесі өзіне айтылған сынды ауыр қабылдағанын жасырмады.
Оның айтуынша, әлеуметтік желідегі жағымсыз пікірлер көңіліне тиіп, ұйқысы қашып, тамаққа тәбеті болмаған кездері де болған.
«Ұйықтай алмай, тамақ іше алмай қалған кездерім болды. Менің жүрегім нәзік қой… Оның үстіне өнер адамымын. Қыз баламын. Әрине, ондай күндер де болды. Оның барлығы артта қалды. Бір өліп, бір тірілгендей болдым», – деді Аша Матай.
Айта кетейік, Аша Матай Құрылтай депутаттығына Қазақстан Халық партиясының атынан кандидат ретінде ұсынылған еді. Алайда сайлау қорытындысы бойынша партия 3,11 пайыз дауыс жинап, бес пайыздық межеден өте алмады.