Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Тарихи жетістік”: Дональд Трамп тағы бір соғысты тоқтатты

09:00, 28 қазан 2025 191

Дональд Трамп тағы бір соғысты тоқтатты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Малайзия астанасы Куала-Лумпурда АҚШ Президенті Дональд Трамптың қатысуымен Камбоджа мен Тайланд арасында бейбіт келісімге қол қойылды. 

Келісім екі елдің шекара маңындағы ұзақ жылдық қақтығысты тоқтатуды көздейді.

Оған сәйкес, тараптар бірлескен бақылау аймағын құруға және әскери күштерді біртіндеп шегіндіруге уағдаласты. 

Сонымен қатар, сауда және инфрақұрылым саласында өзара ынтымақтастықты кеңейту жөнінде қосымша хаттама қабылданды.

Дональд Трамп бұл қадамды «Оңтүстік-Шығыс Азиядағы тұрақтылықты қамтамасыз етудегі тарихи жетістік» деп атады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар