Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Талғардағы сұмдық: 4 ер адам 16 жастағы қызды аямай зорлаған

18:35, 23 қазан 2024 1087

Алматы облысы Талғар ауданында тағы бір жантүршігерлік оқиға болды, - деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. 

Желіде Тұздыбастау ауылында жол жиегінде зорланған қыздың жатқаны туралы ақпарат тарады.

Жәбірленушінің жанынан өтіп бара жатқан куәгер әлеуметтік желіде бұл оқиға туралыайтып берді.

 

"Қыз жол бойында тұрып, кенет құлап қалды. Оны жол жиегінен көтеріп алдық. Шамамен 9-ға таман 103 бригадасы шақырылды. Артынша қыз ұрып-соғып, зорланған белгілері болды. Кейін ол өз-өзіне қол жұмсамақ болған, сол қолы тілінген, жарақаттар бар, мойнында тілімдер бар. Алғашқы медициналық көмек көрсеткеннен кейін 103-ке қоңырау шалдым", - деді қызға көмектескен әйел.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?