Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Талғарда 16 жастағы баланы өлтірді деген күдіктілердің суреті жарияланды

14:40, 08 қазан 2024 8140

Талғарда бозбаланы өлтірді деген күдіктілердің суреті тарады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап. 

Желідегі фотода жетеуінің суреті бар. Оның екеуінің сотталғаны жазылған. Шерзатқа пышақ сұққан жігіт бұрын сотталғаны, 2000 жылы дүниеге келгені көрсетілген. Ал әу баста сыраға барған жігіт – 1993 жылғы көрінеді.


Айта кетейік, бүгін Алматы облыстық прокуратурасы сот санкциясымен жеті адам қамауға алынғанын хабарлаған еді.

Бұл оқиға 4 қазанда болған. Баланың әкесі жалға дүкен алып, сауда жасаған. Төбелес осы дүкеннен басталған. Бір жас жігіт дүкенге келіп, бір құты сыра алып, ақшасын төлемей кете барған. 

Болат сыраның ақшасын төлеуді талап еткен. Арада жанжал туындаған. Болаттың інісі мен ұлы, 16 жастағы Шерзат клиенттен кетуді сұраған. 

Бірақ сыра алған жігіт достарына қоңырау соғып, дүкенге үш көлікпен бір топ жігіт келген. Арасында үш-төрт қыз да болған.


Естеріңізге сала кетейік, марқұмның ата-анасы жасөспірімнің өліміне кінәлілер жазадан сытылып кете ме деп қауіптенеді.

Марқұмның туыстары 7 қазанда Талғар ауданының әкімдігі алдына жиналып, ашық сот өткізуді талап еткен. 

Видеоға қарағанда, бір адам өзін нашар сезінген. Марқұмның туыстары әкімдік алдындағы жол ортасында полициядан күдіктілердің бәрін қамауға алуды талап еткен.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?