Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Талғар әкімдігі, прокуратурасы өзімізді қорқытты: Қаза тапқан 16 жастағы баланың әкесі мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

14:06, 08 қазан 2024 1291

Алматы облысы Талғар ауданында бір топ адаммен жанжал кезінде мерт болған жасөспірімнің туыстары тергеуді ашық әрі әділ жүргізуді талап етті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Азаттық радиосына сілтеме жасап. 

Олар жасөспірімнің өліміне кінәлілер жазадан сытылып кете ме деп қауіптенеді.

Марқұмның туыстары 7 қазанда Талғар ауданының әкімдігі алдына жиналып, ашық сот өткізуді талап еткен. Instagram-дағы kris_p_talgar парақшасы жариялағанвидеода жұрт жиналған жерге полиция, жедел жәрдем қызметкерлері келгені көрінеді. Видеоға қарағанда, бір адам өзін нашар сезінген. Марқұмның туыстары әкімдік алдындағы жол ортасында полициядан күдіктілердің бәрін қамауға алуды талап еткен.

Марқұм болған 16 жастағы Шерзат Болаттың әкесі бас прокурор Берік Асыловқа үндеуінде жергілікті билік әрекетсіз отыр деп шағынды.

– Талғар әкімдігі, прокуроры мен ішкі істер басқармасының басшысы ешқандай іс-әрекет істемей отыр. Қылмысты бұрмалап отыр. Менің марқұм болған баламның аты-жөнін де білмейді. Хал-жағдайымызды сұрауға да шамалары жетпей тұр. Түн ортасында бізді тергеуге шақырып, өзімізді қорқытып, арыз жаздыртып отыр. Ашық сот болуын талап етемін. Өлетін балам өлді, алатын болса, мені де алсын, мені де қамасын, бірақ әділ шешім, ашық сот болсын, – деді жасөспірімнің әкесі видеода.

 

 
 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар