Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Талғар әкімі марқұм Шерзаттың туыстарын “терпилалар” деп атаған видеосы тарады

14:06, 10 қазан 2024 3233

Алматы облысы Талғар ауданында ажал құшқан 16 жастағы жасөспірімнің ісі әлі де резонанс тудыруда. Талғардың аудан әкімі Таңат Айдарбековтің марқұмның туыстарының алдында көрсеткен әрекеті тіпті ашу келтірді, деп хабарлайды Alash.kz Qaz365.kz сілтеме жасап. 

«Осыдан екі күн бұрын Шерзаттың туыстары аудандық полиция басқармасына барды. Сол жерде әкесі Қаржаубай Нұрымов бас прокуратураға үндеуін жасады. Осы тұста аудан әкімі Таңат Айдарбеков кабинетінен шығып келеді. Ол марқұмның әкесінің аты-жөнін сұрап, Алматы облысының әкімімен кездесуге апаруға тырысады. Бір емес бірнеше рет «сендер заң бұзып тұрсыңдар» деп айыптайды. Сосын әкімнің телефонына қоңырау түседі. Ол телефонның арғы жағындағыға «қазір-қазір мына терпилалар…» – дейді. Бұл жері Stan.kz түсірген кадрға ілінген. 

Әлеуметтік желіде әкімнің осы сөзі мен әрекеті үшін отставкаға кетуді талап етіп жатқандар бар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар