Тайландтағы Пхукет аралында алаяқтық ісі бойынша Интерполдың «қызыл хабарламасы» арқылы халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық азамат қолға түсті, деп хабарлайды Alash.kz.
Халықаралық іздеуде жүрген адам отанында әділеттен ұзақ уақыт жасырынғаны белгілі болды.

Хабарламаларға қарағанда, Тайланд құқық қорғау органдары азаматтың Пхукет провинциясында жүргенін анықтап, 15 желтоқсан күні Муанг ауданындағы бір қонақүйден ұстаған. Ұсталғаннан кейін Тайланд иммиграциялық қызметі оның елде тұруға рұқсат қағазын жойды.
Қазіргі уақытта тайлық билік Қазақстанның елшілігімен бірігіп, азаматты елге депортациялау және туған жерінде жауапқа тарту рәсімдерін үйлестіріп жатыр. Бұл іс халықаралық құқық қорғау жүйесінің тиімді жұмыс істеп отырғанын көрсетіп отыр.
Қзақстандық азаматқа қатысты тергеу шаралары елде жалғасады, ал халықаралық координация арқылы оның әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.