Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тағы да қыз туылды. Перзентханада ұлға ауыстырып алу керек: Жұлдызай Дүйсенбекова әкесі туралы айтып жылап қалды

08:33, 25 ақпан 2025 1784

Танымал актриса, «Шаншар» театрының мүшесі болған Жұлдызай Дүйсенбиева балалық шағы туралы айтып жылап қалды, деп хабарлайды Alash.kz Azattyq Rýhy  сайтына сілтеп.

Актриса «Хабар» арнасында журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында балалық шағын еске алып отырып, көз жасына ерік берді.

«Отбасымызда ұл жоқ. Ең алғашқы екі ұл бірінен кейін бірі шетінеп кеткен соң кез келген ер-азаматта «әттеген-ай, ұлым болса ғой» деген ой бар шығар деп тон піштім. Әкем солай айтпасын деп мен еркек сияқты өстім. Мен атқа міндім, әкемнің мотоциклін айдадым, садақ аттым, лампа жөндеуге тырыстым. Ұл болуға тырыстым. Мен даланың адамы болып кеттім. Бірақ «қыз, қыз, қыз» деген нәрсе менің ішімде тұратын.

Шын мәнінде әкеммен көп сөйлеспеймін. Сөйлессем жылап қаламын. Әкем хабарласып, «қызым, қалайсың?» десе тамағыма өксік тығылып қалады. «Жақсы» деген сөзді ғана айта аламын. Үйде кішкентай қызым «атаммен неге сөйлеспейсің» дейді. Көрсем жылап қаламын. Білмеймін, неге екенін, тіпті аяғым ауыр кезде әкеме көрінген жоқпын, ұялдым. Босанып болып, қызымды қолыма алғанша әкеме барған жоқпын. Тіпті әкемнің көзінше күйеммен қолұстасып тұруға ұяламын.

Әкеме көп нәрсе айтқым келетін шығар, бірақ айта алмаймын, білмеймін неге екенін», - дейді актриса.

Жұлдызай Дүйсенбиева сөзін жалғай отырып, отбасында үшінші сіңлісі өмірге келгеннен кейін әкесінің көңіл күйі туралы сыр шертті.

«Отбасымызда төртінші қыз дүниеге келгенде әкемнің таңертең терезеге қарап тұрғанын көрдім. Сол кезде тағы да қыз туылыпты ғой деп ойладым. Содан орнымнан тұрып, жуынатын бөлмеге барып, есігін жауып алып, қатты жыладым. Әкем келіп не болғанын сұрады. Сен қыз туған үшін мамама ренжіп тұрсың, сен неге ренжисің, бізден не жамандық көрдің деп жылап тұрып сұрадым», - дейді ол.

Ол сөзін жалғай отырып, ары қарай әкесінің айтуымен перзентханаға анасына тамақ алуға барғанын, ол жақта бір отбасыға қыз бала керек болып, әкесіне сәбилерін ауыстырып алу туралы ұсыныс жасағанын, алайда әкесінің үзілді-кесілді бас тартқанын тілге тиек етті.

«Далаға тастайтын қызым жоқ. Ұлың керек емес болса, маған бер, бірге алып кетейін деді. Қызымның не жеп, не ішіп, қандай өмір сүріп жатыр екен деп алаңдап отыратын жайым жоқ деді. Сол кезде әкемді қатты жақсы көріп кеттім», - дейді Жұлдызай Дүйсенбиева.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар