Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тағамнан улану мен жұқпалы аурулардың алдын алу. Су тасқынына байланысты ДСМ мәлімдеме жасады

11:00, 08 сәуір 2024 416

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқыны жағдайына байланысты бірқатар ұсыныс жасады.

Министрлік ұсыныстары мынадай: 

Ішу және тамақ пісіру үшін тек бөтелкедегі немесе қайнаған суды пайдаланыңыз;

Су басу орындарында бұлақтардан, құдықтардан және ұңғымалардан су ішпеңіз;

⁠Су тасқынына малынған тамақ өнімдерін пайдаланбаңыз, мүмкіндігінше оларды кеміргіштер мен су тасқыны жетпейтін жерлерде сақтаңыз;

Тамақ ішер алдында, дәретханадан, серуендегеннен, тамақ дайындағаннан кейін қолыңызды сабынмен жуыңыз;

⁠Су тасқынынан кейін барлық бөлмені дезинфекциялық ерітінділермен өңдеңіз;

Егер жұқпалы аурулардың белгілері болса (дене температурасының жоғарылауы, жүрек айну, құсу, нәжістің босауы, тамақ ауруы, бөртпе және т.б.), дереу медицина қызметкеріне хабарлау қажет.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар