Солтүстік Вьетнамға өткен демалыс күндері соққан Яги тайфуны әлі де күшін жойған жоқ, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Дүйсенбі күні Фу Тхо провинциясындағы Фонг Чау көпірі құлап, 10 көлік пен екі скутер Хонгха өзеніне ағып кетті.
Үш адам құтқарылды, 13 адам хабар-ошарсыз жоғалып кетті.
375 метрлік көпір толық қирамағанымен, оны қалпына келтіру жұмыстары ауа райының қолайсыздығынан әзірге жүргізілмейді.
Яги — биылғы Азиядағы ең күшті циклон, желдің жылдамдығы сағатына 203 шақырымға жетеді.
Соңғы екі күнде 60-тан астам адам қаза тапты, 240-тан астам адам жарақат алды.