«Атыраулық хакер» лақап атымен танылған желі қолданушысы Атырау облысында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен отбасы жайлы жаңа дерек айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
"Қазіргі таңда мендегі ақпаратқа сәйкес, бейнежазбада отбасы мүшелерінің біріне тиесілі банктік карта Бали аралында тіркелгені туралы мәлімдегеннен кейін, банк отбасы мүшелерінің барлық банктік шоттарын бұғаттаған. Осыдан соң картамен төлем жасау да, оны пайдалану да толықтай тоқтатылды.
Бүгінгі күнге қарай Наурыз бен Мейрамгүлді іздеу жұмыстары тоқтатылған. Бұқаралық ақпарат құралдарында іздестіруді жалғастыру жөнінде ешқандай сұрау түспегені, соған байланысты іздеу шараларының тоқтатылғаны хабарлануда.
Осылайша, бұл екі адам әлі табылған жоқ. Ал әлі күнге дейін жауабы табылмаған "Наурыз бен Мейрамгүл қайда?" деген сұрақтың жауабын, менің ойымша, Сұлтан ғана біледі", – деп жазды ол.