Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сұмдық жағдай: Шымкентте күйеуі үйден салған инъекциядан кейін әйелі қайтыс болды

11:16, 19 наурыз 2025 1557

Шымкентте күйеуі салған инъекциядан кейін қайтыс болған әйелдің өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Alash.kz.

Қайғылы оқиға 16 наурыз күні Жібек Жолы көшесіндегі үйлердің бірінде болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам әйеліне дәрі еккен. Соның салдарынан әйелдің жағдайы күрт нашарлап, жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған.

Оқиға орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері келіп, тексеру жұмыстарын бастады. 

Шымкент қалалық полиция департаменті бұл факт бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын, қажетті сараптамалар тағайындалғанын хабарлады. Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталмақ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар