Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сұмдық жағдай: Астанада белгісіз ер адам көшеде жаяу жүргіншіні пышақпен қуған (ВИДЕО)

19:37, 10 наурыз 2025 933

Астанада белгісіз ер адамның көшеде өтіп бара жатқан адамды пышақпен қуған сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 22:30 шамасында «Медициналық орталық» аялдамасы маңында болған. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада түнгі уақытта ер адамның екіншісін қуып бара жатқаны анық көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, қолында пышағы бар азамат көшеде жүргіншіні қорқытып, соңынан жүгірген.

Желі қолданушылары бұл оқиғаға түрлі пікір білдіріп, алаңдаушылық танытты: «Көктемгі мазасыздық басталды…», «Бұрын оңаша өмір сүру туралы ой ақылға қонымсыз көрінетін, ал қазір…», «Полиция бейнебақылау арқылы мұндай жағдайларды бақылауы керек емес пе?», «Елімізде не болып жатыр?» – деп жазды олар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар