Блогер,әзілкеш Елдос Қадірханов ауыр отадан сәтті шыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.
Блогер ауруханада жатқанын, ота сәтті өткенін айтып оқырмандарына алғыс айтты.
“Аллаға шүкір, ең қиын отадан, ең ауыр сәттен өттік! Қаншама жыл нәтижесіз емделу, қаншама жыл дәрігерден "өкінішке қарай" деген жауап естіп келдік. Алланың қалауымен, елдің батасымен, көпшіліктің тілеуімен арманымызға бір қадам жақындадық. Әрекет етуді тоқтатпаймыз. Тілеулес болыңыз! Бұл жеңіс емес, бірақ жеңіске аз қалды. Біз үшін бұл маңызды кезең болды. Алла қаласа, сүйінші сұрайтын күнге жетейік", – деп жазды блогер.