Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сүйінші! Шаңғышы Ербол Хамитов Параолимпиаданың қола жүлдесін иеленді

18:54, 10 наурыз 2026

Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды Alash.kz. 

Отырып шаңғы тебуден спринт жарысында отандасымыз Ербол Хамитов үздік үштікті түйіндеп, қола жүлдені иеленді.

28 жастағы спортшы финалдық кезеңде жоғары дайындығын көрсетіп, мәре сызығын үшінші болып кесті. Ол алтын жүлде иегері, қытайлық спортшы Лю Цзысудан небәрі бір секунд қана қалып қойды. Ал күміс жүлде 0,4 секундтық айырмашылықпен бразилиялық Кристиан Вестемейер Рибераға бұйырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар