Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сүйінші: Қазақ еліне тарихи жеңіс әкелген Ақмарал Науатбекке көлік сыйға тартылды

11:38, 04 шілде 2025 320

Қазақстан тарихында алғаш рет дзюдодан Паралимпиада ойындарының чемпионы атанған Ақмарал Науатбек марапатқа ие болды, деп хабарлайды Alash.kz.
Паралимпиада чемпионына Kia маркалы автокөлікті өзі кәсіби шұғылданатын JENYS дзюдо клубы сыйға тартқан.

“Бұл - Ақмаралдың қажырлы еңбегі мен парадзюдодағы ғаламат жетістіктеріне деген құрметтің жарқын белгісі” деп жазады клуб басшылығы. 

 
Ақмаралдың халықаралық аренадағы басты жетістіктері:

  •  2022 ж. Әлем чемпионы (Баку) — J2 классы, 48 кг дейінгі салмақ
  •  2023 ж. IV Азия пара ойындарының чемпионы (Ханчжоу)
  • 2024 ж. Париж Паралимпиадасы — тарихи алтын медаль
  • 2025 ж. Әлем кубогының жеңімпазы (Тбилиси), 52 кг дейін
  • «Халық сүйіктісі» атағының иегері
  • «Қазақстанның үздік спортшысы» атағының иегері

Табандылық пен сенімнің жарқын үлгісін әлемдік бозкілемде көрсете білген аруды жаңа темір тұлпарымен желі қолданушылары құттықтады. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар