Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Сүйінші, Қазақ елі! Шын жүректен құттықтаймын": Мөлдір Мұқан қуанышты жаңалығын жеткізді (ВИДЕО)

17:47, 07 қыркүйек 2026

Әнші әрі продюсер Мөлдір Мұқан желідегі парақшасында көпшілікке қуанышты жаңалығын жеткізді, деп хабарлайды Alash.kz.

Өнер иесі «Той Думан» арнасының 10 жылдық мерейтойымен құттықтап, ұжымға ақжолтай тілегін білдірді.

Мөлдір Мұқан өз құттықтауында арнаның талай өнерпаздың шығармашылық жолына қолдау көрсетіп, көпшілікке танылуына мүмкіндік беріп келе жатқанын атап өтті

«Сүйінші, Қазақ елі! Той Думан» арнасының 10 жылдық белесі –  үлкен еңбек пен маңдай тердің нәтижесі. Осы айтулы мерекемен арна ұжымын және тұрақты көрермендерін шын жүректен құттықтаймын. Көрерменге көтеріңкі көңіл-күй мен әсем әуен сыйлап жүрген арна жүз, екі жүз, үш жүз жыл жасай берсін! Биіктей беріңіздер!» – деді әнші.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар