Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Атыраудағы қанды оқиға: Өмір бойына сотталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты күтпеген дерек шықты

14:17, 07 қыркүйек 2026

Жангелдин ауылында бір отбасының төрт бірдей адамын аяусыз өтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Сұлтан Сәрсемалиев әлі де тергеу изоляторынан түзету мекемесіне ауыстырылған жоқ, деп жазады Alash.kz. 

Өңірлік БАҚ-тың хабарлауынша, оны этаптау процесінің кешігуіне сотталған азаматтың психологиялық ахуалы мен өзіне-өзі зақым келтіру қаупі себеп болуы мүмкін. Алайда бұл ақпаратқа қатысты ресми органдар тарапынан әлі нақты расталған жоқ.

Бұған дейін Сәрсемалиев пен оның қорғаушы тарапы соттың өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкіміне апелляциялық шағым түсіруден бас тартқан еді. Сәйкесінше, сот шешімі толықтай заңды күшіне енді. Енді заң талаптарына сәйкес, ол өмір бойғы жазасын өтеу үшін төтенше қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне жөнелтілуі тиіс.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар