Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Мектепке апаратын шақта құран бағыштап жүрмін»: Мұғалім қағып өлтірген бүлдіршіннің анасы уәжін айтты (ВИДЕО)

15:36, 07 қыркүйек 2026

Түркістан облысында мас күйінде көлік жүргізіп, үш адамның өліміне себепкер болған мектеп мұғаліміне қатысты сотта жәбірленуші тарап сотталушыны кешірмейтіндерін кесіп айтып, оған ең қатаң жаза тағайындауды талап етті, деп хабарлайды Alash.kz.

Қаралы оқиға биыл 6 маусымда Арыс қаласында болған. Тергеу мәліметінше, мас күйде рөлге отырған мұғалім үй ауласында отырған адамдарды соққан. Салдарынан екі бала мен жүкті әйел оқиға орнында көз жұмып, тағы үш адам түрлі деңгейде ауыр жарақат алды. Қайғылы жағдайдан кейін жүргізуші апат орнынан қашып кеткен.

Сотта апатта бес жасар қызынан айырылып, өзі де мүгедек болып қалған жәбірленуші Дана Үсімбек жүрекжарды сөзін айтты.

«Өсіріп, бағып отырған перзентімізден айырылып отырмыз. Өзім мүгедек болдым. Менің де, баламның да денсаулығы бұрынғы қалпына келмейді. Қызымды мектепке жетектеп апаратын шақта оның басына құран бағыштап жүрмін», — деді ол сотта.

Сотта мемлекеттік айыптаушы айыпталушыны өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айыра отырып, 10 жылға темір торға қамауды сұрады. Сондай-ақ айыпталушының 14 жасқа толмаған қызының болуына байланысты жазаны өтеуді бір жылға кейінге қалдыруды ұсынды.

Өз кезегінде айыпталушы өкініш білдіріп, марқұмдардың туыстарынан кешірім сұрады. Ол кәмелетке толмаған мүмкіндігі шектеулі қызы барын алға тартып, соттан жеңіл жаза беруді өтінді.

Бүгін үкім шықты. Сот шешімімен ол 9 жылға бас бостандығынан айырылып, өмір бойына көлік жүргізу құқығынан да шектетілді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар